Қоғам

“Біздің өлке” атты фотосуреттер көрмесі ашылды

Бұл – фотосуретші Руслан Файзулиннің үстіміздегі жылдағы 2-ші көрмесі. Алғашқы шара ақпан айында өтті. Онда автордың портрет және натюрморт жанрларында түсірген туындылары көрермен назарына ұсынылыпты. Ал, бүгін пейзаж бағытындағы еңбектері жиналғандарға көрсетіліп отыр. Оларды жерлесіміз 2017 және 2018-ші жылдар аралығында таспасына басып алған.

Руслан Файзулин – фотосуретші:


– Мен туған өлкемді сүйемін. Үнемі қала ішін, даланы аралап көрікті жерлерді суретке түсіретін әдем бар. Сол туындыларды “Біздің өлке” деп аталатын кезекті көрмеме әкелдім. Жалпы, жұртшылық назарына теріскей өңірінің тұмса табиғаты, шаһардың кербез ғимараттары және ерекше орындарын бейнелейтін 47 сурет шығарылған.

Көрмедегі суреттер көздің жауын алады. Мәселен, мына туындыда күзде пісіп-жетілген бидай масағы бейнеленіпті. Ал, келесі еңбегінен жаздағы Есіл өзенін көреміз. Оларға тыңғылықты қарасақ сол жерде жүргендей күй кешесін. Суреттер келушілердің де көңілінен шығыпты.

– Көрмедегі сурерттер өте әдемі. Гүлдер, өзен жағасы таңдай қақтырады.


– Фотосуреттер маған ұнады. Әсіресе, қаламыздағы ғимараттарды, ескерткіштерді керемет түсіріпті.

Айта кетейік, жерлесіміздің фотосуреттер көрмесі 1 айға жалғаспақ. Туындыларды С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында тамашалауға болады.

Байболат Култанов