Балалар

Петропавлда балалар ағаш екті

Акцияға 5-6 жасар балғындар мен олардың ата-аналары және тәрбиешілер қатысты. Жасылелдіктер ең алдымен бөбектерге арнайы төсбелгілер мен кепкалар сыйлады. Кейін барлығы аулаға шығып, 5 түп қарағай көшетін отырғызды. Ағаш егу рәсіміне балақайлар да, үлкендер де белсене атсалысты. “Жасыл ел” жасағы өкілдерінің айтуынша, бұл шара балаларды табиғатты қорғауға баулып, қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін арттыруға сеп болады.

Арыстан Дулат – “Нұрсәт” балабақшасының тәрбиеленушісі:


– Менің балабақшаға барып жүргеніме 2 жыл болды. Мен биыл түлекпін. Тәрбиешілер бізді табиғатты аялауға үйретеді.


 

Эльмира Садвокасова