Құрылыс

СҚО құрылыс саласына инвестиция молынан құйылуда

Жалпылай алғанда, Қазақстанның солтүстігінде түрлі салалада 26 млрд теңгеден астам қаражат игеріліпті. Бұл сома өткен жылғы көрсеткіштерден 10 процентке артық. Негізгі капиталға салынған салымның тең жартысы машина, қондырғылар мен көліктерді алуға жаратылған. Инвестицияның 40 проценті құрылыс және ғимараттарды күрделі жөндеуден өткізуге жұмсалады. Қаражатты игеру көрсеткіштері бойынша Петропавл қаласы мен Ғ.Мүсірепов ауданы көш басында. Өзге салаларға қарағанда, ауыл, орман және балық шаруашылықтарына әдеттегідей инвестиция көбірек салынады. Өндіріс саласына да қаржылық қолдау мығым.

 

Берік Қасен