Спорт

Қызылжар Астанаға есе жіберді

Сырт алаңда өткен ойын елордалықтардың жеңісімен аяқталды. Алғашқы тайм тартысты өтті. Құрамалар бір-бірлерінің қақпаларына алма-кезек шабуыл жасағанымен гол соғылмады. Матчтағы есеп тек 79 минутта өзгерді. Астаналық Джордже ДеспОтович көзге түсіп, командасын алға шығарды. Ал 3 минуттан соң Марин ТомАсов шеберлігімен танылып есепті 0-де 2-ге жеткізді. Осылайша қызылжарлықтар чемпионатта кезекті рет жеңілді. Бұл кездесуден соң жергілікті ұжым турнирлік кестеде 10-шы орынға төмендеді. Біздің жігіттер келесі ойынды 13-ші мамыр күні қызылордалық Қайсарға қарсы Қарасай стадионында өткізеді.

Байболат Култанов