Қоғам

Мерекелік бағдарламалар жоспары

Мамырдың 7-сінде шаһаррымыздағы шаралар таңғы сағат 9 жарымнан басталады. Алдымен Қарасай және Ағынтай батырлардың ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылады. Кейін Петропавлдың бас алаңда Астанадан Қарулы Күштерінің Жоғарғы бас қолбасшысы Н.Назарбаевтың қатысуымен өтетін әскери парадтың онлайн трансляциясы жоспарланған. Бағдарламада мерекелік концерт де қарастырылған. Бәйкен Әшімовтың ескерткіші маңында жастарға арналған ойын-сауық шаралары өтеді. Күннің екінші жартысында – сағат 15-00-де А.Винокуровтың спорт сарайында қазақ күресінен “Қызылжар барысы” облыстық кезеңін ұйымдастыру жоспарланған. Ал, мамырдың 8-і күні таңғы сағат 10 және 10 жарымда Даңқ және 314-ші атқыштар дивизиясының құрметіне орнатылған ескерткіштерге гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді. 9-шы мамыр да мерекелік шараларға толы болмақ. Бұл күні таңғы 10:00-де “Мәңгілік алау” алаңы маңында салтанатты шара басталады. Кейін, “Мәңгілік полк” шеруі ұйымдастырылады. Бұдан соң, күн ұзаққа орталық алаңда Жеңіс саябағы мен облыстық қуыршақ тетары және С.Мұқанов атындағы қазақ сазды драма теарында түрлі мерекелік іс-шаралар өтеді. Мейрамды тойлау кешкі 22.00-де отшашумен аяқталмақ.


Берик Касен