Без категории

Су тасқыны қауіп төндірмейді

Бүгіндері Заречный кенті маңындағы айналма жолдағы судың деңгейі болса, 7 см құрайды. Мұнда жеңіл көліктерге қатынауға рұқсат берілген. Бірақ қалалық гидротораптан бастап Мамлютка айналма жолына дейін баратын “Челябі – Новосібір” тас жолымен қатынауға тыйым салынған. Бүгіндері Петропавлдағы 1237 саяжай қызыл судың астында тұр. Абырой болғанда, апат тұрғын үйлерге зардап келтірген жоқ. Жалпы, мамандардың сөзінше, өңірдегі жағдай қалыпқа түссе де, күні-түні бақылау жалғасып жатыр.

Тогжан Акмагамбетова