Құқық қорғау органдары

Полицейлер ардагерлерге құрмет көрсетті

Жалпы, облыстың құқық қорғау органдарында соғысқа қатысқан 700 жерлесіміз қызмет етіпті. Қазіргі күні олардың 7-еуінің көзі тірі. Ардагерлердің әрқайсысын өңірдің бас полицейі Берік Біләлов құттықтады. Бұдан бөлек, тәртіп сақшылары тыл еңбеккерлеріне де барды. Қиын қыстау заманда тер төккен жандардың 28 түрлі жылдары облыстық ІІД еңбек етіпті.

Сұраған Көпеев – СҚО ІІД ардагерлер кеңесінің төрағасы:

– Қазіргі күні майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің жасы біразға келіп қалды. Сол себепті олар бұрынғыдай мерекелік іс-шараларға қатыса алмайды. Осыны ескеріп біз әр ардагердің үйіне барып, Ұлы Жеңіс күнімен құттықтауды жөн санадық.

 


Байболат Бектемірұлы