Аптадағы маңызды жаңалықтар

Бескөлде 3 қабатты тұрғын үй салынып жатыр

Бескөл аулындағы мына баспананың құрылысы ақпанның 6-сы басталған. Бұл тұрғын үй “Нұрлы жер” мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатыр. Нысанның құрылысына республикалық бюджеттен 200 млн теңгеге жуық қаражат бөлініпті. Бүгінде оның 80 млн-ы игерілген.

– Қазір біз баспананың 3-ші қабатында тұрмыз. Мұнда көріп тұрғандарыңыздай жұмыс қызу жүріп жатыр. Бұл істі тындыру үшін 40-қа жуық адам жұмылдырылған. 30 пәтерге шақталған үйдің құрылысын осы жылдың қараша айында аяқтау жоспарланыпп отыр.

Бұл баспанадан пәтер алатындарға барлық қажетті жағдай жасалуда. Мәселен, бірінші қабатта мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған кеңейтілген есік ортатылмақ. Олардың жуынатын бөлмелеріне де арнайы қондырғылар қойылады. Аталмыш нысанның құрылысына “Лира” ЖШС жауапты.

Андрей Радченко – “Лира” ЖШС директоры:

– 3-ші қабаттың құрылысын көп ұзамай аяқтаймыз. Мамырдың ортасында тұрғын үйдің шатырын жабуды жоспарлап отырмыз. Кейін ішкі әрлеу жұмыстарын бастаймыз. Баспана қажетті құрылғылармен жабдықталатын болады. 30 пәтердің 12-сі – 45 шаршы метрлік, 15-і – 32 және қалған 3-інің ауданы – 33,5 шаршы метрді құрайды.

Бұл үйге мұқтаж жандар көп. Қызылжар ауданы бойынша олардың жалпы саны бүгінде – 660-тан асып отыр.

– Қайсар Әмірин – Қызылжар аудандық сәулет, құрылыс, ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы.

– 660 адамның 272-сі – ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар, 144-і – бюджетегі қызметкерлер және 232-сі – әлеуметтік жағдайы төмен адамдар.

Бір ыңғайлысы бұл баспананың жанында “Мирас” балабақшасы орналасқан. Ал мына 18 пәтерлік үй өткен жылы ғана “Жол картасы” бағдарламасының аясында тұрғызылыпты. Бұнда 29 жасқа дейінгі жас отбасылар қоныстанған. Сондай-ақ, бүгінде осы маңайдан тұрғызылатын тағы екі 36 пәтерлік үйдің жобалық-сметалық құжаттамасы қарастырылып жатыр.

Молдир Макишева