Konstitutsia banner mobile

Әр түрлі

Петропавл маңында су деңгейі көтеріліп жатыр

Есіл ауданына қарасты Покровка селосының маңында да тасқын мөлшері 23 см азайған. Ал, облыс орталығы жанында керісінше су деңгейі көтеріліп жатыр. Соңғы тәулік ішінде қызыл су 9 сантиметрге артты. Осының салдарынан Заречный кентіне Петропавл-Жезқазған тас жолы жағынан кіру мүмкін болмай отыр. Қазгидромет мамандарының мәліметінше алдағы бірер күнде шаһар маңындағы тасқын шарықтау шегіне жетпек. Ал келесі аптаның ортасында судың деңгейі төмендей бастайды.

Байболат  Култанов