Қоғам

Өрт сөндірушілер 1 мамыр мерекесін тойлады

Сахнада неміс, грузин, украин, белорус, өзбек және әзербайжан ұлтының өкілдері жиылған. Олар бүгін жұртшылық назарына өз өнерлерін паш етпек. Байқау шарты бойынша сайыскерлер ең алдымен ролик жасап, өз ұлтының ерекшелігін таныстыру қажет. Ал екінші кезеңде олар өнерлерін көрсетті.

Неміс ұлтынан кейін сахнаға грузиндер шығып, өздерінің әсерлі билерін жұртшылық назарына ұсынды. Ырғақты әуенге залда отырғандар да қосылып кетуге аз-ақ қалды. Ал Бескөлдегі №13 өрт сөндіру бөлімінен келген Елжас пен Азиза Құрманғожиновтар әзербайжан ұлтының биін биледі.

Айта кетейік, бұл – байқауға қатысып отырған жалғыз отбасылық жұп. Олардың отасқандарына 1 ай ғана өтіпті. Ерлі-зайыптылар әзербайжан ұлтын бекерден таңдамапты. Жастарға кавказдық халықтардың мәдениеті мен әдет ғұрпы, тағамдары мен киімдері ұнайды екен. Сондықтан байқауға дайындалғанда олар достарының көмегіне жүгініп, барлығын бірлесіп әзірлеген.

Азиза Құрманғожинова:


–  Маған әзірбайжан ұлтының мәдениеті, өздерін ұстауы өте қатты ұнайды. Олар дәстүрге берік. Қазақтар сияқты қонақжай халық. Астары да дәмді. Сондықтан мен бүгін «көмірге пісірілген садж» деген ұлттық тағамдарын әзірледім. Оны табада да дайындауға болады. Өте дәмді ас.


Елжас Құрманғожинов- Бескөл ауылындағы №13 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы:


–  Достарымыздың арасында әзірбайжан, орыс, немістер бар. Сондықтан олар бізге көмектесті. Сондықтан олардың кейбірі шапан берді. Келесілері әйеліме көйлек берді. Өз ұлттарының киімдерін берді бізге.

Халықтар достығын паш ететін меркені сөйтіп құтқарушылар ерекше көңіл-күймен қарсы алды. Жалпы байқауға қалалық бес және бескөлдік бір өрт сөндіру бөлімі қатысты. Ал жалпы төтенше жағдайлар департаментінде бүгіндері 7 ұлт өкілі бір атаның балаларындай тату-тәтті қызмет етуде.

Магжан Ахмадина