Қоғам

Бірлік күніне мерекелік бағдарлама

Сондай-ақ, осы жерде спорттық ойындар ұйымдастырылып, күннің екінші жартысында тұрғындарға арналып концерт және караоке бағдарламасы ұсынылады. Қалалық әкімдіктің алдында диджейлер фестивалі, ал Бәйкен Әшімовтың ескерткіші маңында қолөнер шеберлерінің көрмесі өтеді. Осы жерде хот-дог әзірлеуден чемпионат ұйымдастырылмақ. Оған қатысу үшін таңертеңгі сағат 11-де тіркелу қажет. Мерекеге орай аталған тағам түрі келушілерге тегін таратылады. Сондай-ақ, ойындарға атсалысқандарға сыйлықтар қарастырылған.

Берик Касен