Әр түрлі

Су тасқыны жалғасып жатыр

Сәуірдің 25-і күні республикалық маңыздағы “Челябі-Новосібір” тасжолының Мамлютка айналма жолы мен 20-шы ықшам ауданы арасындағы учаскесінің бір бөлігін су шайып кетті. Осылайша жеңіл көліктердің қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Есіл өзенінің арнасынан шығуы салдарынан Заречный кентіне бұрылар жолдың бөлігі де су астында қалып отыр. Тасқын басқан аумақтың ұзындығы – 30 метр, ал тереңдігі 8 см-ге жеткен. Әзірге, бүгінде бұл жерден көліктер өте алады.
Сондай-ақ, қарғын су шаһар маңындағы 80 саяжайды да басқан.
Бүгінде Сергеев гидроторабы деңгейінің азаюуы жалғасуда. Соңғы тәулік ішінде ондағы су 7 см-ге төмендесе, Петропавлда 13 см-ге жоғарылаған.
Судың кедергісіз өтуі үшін қалалық гидротораптағы барлық шлюздер ашылды. Олардан секундына тіршілік көзінің 670 текше метрі өтеді екен.

Бахыт Садвокасов