Спорт

Пара пауэрлифтингтен ел біріншілігі басталды

12 мүшедегі ақау мен мүгедек арбасы бұл жандар үшін үкім емес. Пара пауэрлифтингтен кезекті ел чемпионаты зіл темір көтеретін 90-ға жуық жарымжан атлеттің басын қосты. Олар еліміздің 12 облысы, тағы Астана мен Алматы қалаларынан келген. СҚО-ның намысын 11 спортшы қорғайды. Петропавлда мұндай жарыс алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Руслан Далабаев – жарыстың бас төрешісі:


– Мұнда мүгедек спортшылар үшін арнайы снарядтар орнатылған. Әр атлетке үш мүмкіндіктен беріледі. Төрешілердің шешімі бойынша бағындырылған ең жоғарғы салмақ есепке алынады.

Сонымен жарыс басталды. Қазір ең жеңіл салмақтағы қыз-келіншектердің сыны. Кезек – ақтөбелік Гүлім Құрманбаевада. Өткен чемпионатта топ жарған нәзікжанды қазір өзінің үшінші мүмкіндігін орындайды. Штанганың салмағы – 61 келі.

Зіл темірді Гүлім сәтті бағындырды. Әзірге, ол – жеңіске басты үміткер.

Гүлім Құрманбаева – жарысқа қатысушы, Ақтөбе облысы:


– Қимыл қозғалыс қажет болғасын осы спорт түрін таңдадым. Мүгедектердің де, сау адамдардың арасында да спорт шеберімін. Ата-анам үміт артып отыр, сондықтан 1-ші орын керек.


Тек бұл біріншілікте Гүлім бас жүлдеден құр қалды. Оның алдын Павлодар облысынан келген Юлия Петрусева орап кетті. 62 келіні мүлт етпей көтерген ол чемпион атанып қана қоймай, Қазақстан рекордын да жаңартты. Айта кетейін, бұл – жарыстың тек алғашқы күні. Қалған екі күнде орта және ауыр салмақты атлеттер сынға түсетін болады. Бас жүлдені жеңіп алғандар қыркүйек айында Индонезияда өтетін Азия біріншілігінде Қазақстанның намысын қорғамақ.

Саят Ермек