Құқық қорғау органдары

Ішімдік ішкен 22 жүргізуші құрықталды

Солардың бірі – 56 жастағы нәзікжанды. Оны Петропавл қаласынан шығар жолда жол-патрульдік полициясы батальонының қызметкерлері ұстады. Азаматша масаң күйде бола тұра Қостанай қаласына бет алыпты. Тағы, Жуков көшесі бойында да ішімдік ішкен ВАЗ автомашинасының жүргізушісі құрықталды. Теріскейліктің ащу суды ұрттағаны Наркологиялық орталықта белгілі болды. Жалпы, республикалық шараға облыс бойынша 900-ге тарта құқық қорғаушы мен Ұлттық ұланның әскерилері қатысқан. Олар мамыр айындағы барлық мереке күндері де күшейтілген режимде қызмет атқармақ.

Байболат Култанов