Әр түрлі

Есіл өзені арнасынан шықты

Сәуірдің 25-і ондағы тіршілік көзінің деңгейі керісінше 18 сантиметрге жоғарылап, өзен арнасынан шығып, тасыған. Жайылған су Заречный кентіне апаратын жолдың бір бөлігін алып кеткен. Соған байланысты жеңіл машиналардың қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Ал жүк көліктерінің қатынауына әзірге тыйым салынған жоқ. Қазір сол маңда құтқарушылар мен тәртіп сақшылары кезекшілік атқаруда. Мамандардың жорамалдауынша, Петропавлдың шеткері аумақтарында су тасқынының шарықтау шегі сәуірдің 29 – мамырдың 2-сі аралығында тіркелмек. Ал сәуірдің 27-іне өңір аумағында қатты жел тұрады деп күтілуде. Дауылдың жылдамдығы секундына 15-20 м-ге дейін жетпек. Осы орайда, сақтық шараларын естен шығармаңыздар.

Берік Қасен