МТРА жаңалықтары

Еңбек қатынастарын реттеу

Ол үшін аталмыш қордың жаттықтырушысы Эдуард Вохмин Мәскеуден арнайы шақыртылған екен. Ол семинар қатысушыларына түрлі даулы жағдайларды қалай шешуге болатындығын үйретпек. 3 күнге жалғасатын шара барысында екі жақ арасындағы келіспеушілікті сыртқа шығармай, өз араларында шешу амалдары қарастырылады. Осыған дейін мұндай жиындар Ақтау, Өскемен және Қарағандыда өтіпті. Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілмек.

Эдуард Вохмин – «Школа трудовых практик» жеке білім беру мекемесінің директоры, Мәскеу қаласы, РФ:


– Әрине жұмысшы мен жұмыс беруші арасында барлығы бірдей дұрыс бола бермейді. Туындаған даулар әр тарапқа кедергі келтіреді. Сондықтан оларды үлкен проблемаға айналдырмайй, уақытылы сөйлесіп, шешу керек. Яғни, жағдайды ушықтыру екі жаққа да тиімсіз екендігін жеткізгіміз келеді.

 

Магжан Ахмадина