МТРА жаңалықтары

СҚО жыл басынан 26,5 млрд теңге игерілді

Жалпы, биыл теріскейдегі тұрғын үй құрылысына шашамен 2 млрд теңге қаржы бағытталған. Қомақты қаражатқа аумағы 23 мың шаршы метрге жуық 200 пәтер пайдалдануға берілген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстарғанда 15 пайызға жоғары. Ал, инвестицияны игеру бойынша Петропавл қаласы мен Ғ.Мүсірепов ауданы көш бастап тұр. Өңірімізде қаңтар-наурыз айларында 26,5 млрд теңге пайдаға жаратылыпты. Бұл сома 2017-інің осы кезеңдегі қаражаттан шамамен 11% көп. Ақшаның жартысынан астамы негізгі капиталға құйылған, қондырғылар мен көлік сатып алуға жұмсалған екен. Тағы, қаржының 40% құрылысқа және нысандарды жөндеуге бөлініпті.

Байболат Култанов