ТЖ

Қапай ықшам ауданында қамыс алқаптары жаппай өртке орануда

Кешкі сағат сегіз жарымдар шамасында қалалық №1 өрт сөндіру бөліміне қамыс алқабының жанып жатқаны жайлы хабарлама түседі. Құтқарушылар дер кезінде қызыл жалын шарпыған аймаққа жетіп, өртті ауыздықтаған. Абырой болғанда тілсіз жау жақын маңда тұрған баспаналар мен нысандарға жайылып үлгермеді. Осы орайда, өрт сөндірушілер жеке секторларда тұратын тұрғындарға абай болуды ескертеді.

Саян Балахметов – Петропавл қалалық №1 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі:


– Барынша тез жетіп, өртті жойдық. Мұндай жағдайлар орын алмас үшін Қапай тұрғындарына үй маңындағы қамысты шауып, тазалауға кеңес береміз.

Саят Ермек