Бизнес және экономика

Кәсіпорындарға менеджмент жүйесін енгізу

Кәсіпорындарда азық түлік өнімдері мен экологиялық қауіпсіздік менеджменті жүйесін енгізу. Техникалық реттеу және метрология комитетінің облыс бойынша департаменті ұйымдастырған семинарда осы тақырып кеңінен түсіндірілді. 80-ге жуық мекеменің өкілдеріне ИСО стандарттарын алу және оның маңыздылығы туралы ақпарат берілді.

Айгүл Сламбек – “Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты” РМК менеджмент жүйелері бойынша эксперт-аудиторы:


– ИСО өндірісте болатын тәуекелдерді реттеуге және оларды төмендетуге бағытталған. Ал менеджмент жүйесін сертификациялау өндірістік кәсіпорындарға міндетті емес. Дей тұрғанмен, бизнесті барлық талаптарға сай жүргізу үшін аталған менеджмент өнім өндірушілер мен тасымалдаушылар үшін керек. Бұл түптеп алғанда ел экономикасының бәсекеге қабілетілігін арттыруға септеседі.

Айта кетейік, ИСО сапа стандартының басты мақсаты – халықаралық сауданы дамыту мен ынтымақтастықты кеңейту. Кез-келген мекеме сапа менеджментіне орай ИСО стандартын алу арқылы түрлі деңгейдегі тендерлерге қатысып, кәсібін кеңейте алады.

ЗәурешТілегенова – “Қазақстандық аграрлық экспертиза” АҚ СҚОФ сынақ жүргізу орталығының меңгерушісі:


– Осындай семинарлардың жиі өтіп тұрғаны дұрыс деп есептеймін. Кәсіпорындарға менеджмент жүйесін енгізгу қажет. Бұл үрдіс жұмысты жүйелеп, мекемедегі бірқатар мәселелерді шешуге септеседі.

Сондай-ақ, семинар барысында еңбек қауіпсіздігін сақтау туралы сөз қозғалды.

 

Берік Қасен