МТРА жаңалықтары

Сергеев су қоймасындағы су деңгейі 14 см-ге төмендеді

Бүгіндері Есіл өзенінің ең жоғары деңгейі Покровка елді мекенінде, Қызылжар ауданынадағы Новоникольское селосында және облыс орталығында байқалған. Шаһарамызда оның биіктігі 80 см-ге дейін көтерілген. Петропавлдағы гидроторап қызыл суға төтеп беруге әзір. Сенбі күні барлық шлюздар ашылды. Айта кетсек, су тасқының шарықтау шегі алдағы күндерге болжанып отыр. Қызыл су ең алдымен Петропавл-Қорған тас жолын шаюы мүмкін. Сондай-ақ, Есіл жағасына жақын орналасқан саяжайлар мен Заречный кентіндегі жолдар су астында қалады деген қауіп бар.

Тогжан Акмагамбетова