Аптадағы маңызды жаңалықтар

Сергеев су қоймасындағы су деңгейі төмендеді

Қазіргі уақытта нысанның ернеуінен асқан судың биіктігі 160 см құрайды. Бұл ретте қоймадан босатылған қызыл су Қызылжар ауданына жеткен. Осының салдарынан Новоникольское селосына кіреберістегі көпір тасқынның астында қалды. Табиғи апат Есіл ауданындағы Покровка елді мекеніне де қауіп төндіруі мүмкін. Ал, Петропавлда жағдай әзірге қалыпты. Облыс орталығының маңындағы судың деңгейі 530 см-ге дейін жоғарылаған.

Байболат Култанов