Мәдениет

Сәбит Мұқановтың туғанына – 118 жыл

Филология ғылымдарының кандидаты Қарлығаш Шаймергенова Сәбит Мұқановтың шығармашылығымен жақсы таныс. Ол жазушының “Өмір мектебі”, “Ботагөз” сынды туындыларын бала жастан оқып өсіпті. Осы еңбектердің алғашқысы жайлы жерлесіміз бүгінгі жиында баяндады. Нәзік жанды аталған трилогияның асқан шеберлікпен жазылғанын айтады. Сол себепті де шығарманы қазіргі жастардың оқығандығын қалайды.

Қарлығаш Шаймергенова – Петропавл гуманитарлық-техникалық колледжінің оқытушысы, ф.ғ.к:

– Сәбит Мұқановтың “Өмір мектебі” трилогиясының жастарға берері мол. Қазіргі өскелең ұрпақ осы еңбекті оқысы өмірдегі қиындықтарға төзе білуді үйренеді.

Ал, академик-жазушының немере інісі Ермек Мұстафин “Ұлтына ұлағат қалдырған” атты шараға Сәбит Мұқановтың хаттарын алып келіпті. Оларды ақын 1967-71-ші жылдардың аралығында араб, кириллица әріптерімен жазыпты. Мына бір жапырақ қағазға Сәбең туған жерге деген сағынышын түсірген. Келесі бірінде ару Алматы жайлы қалам тербепті.

Ермек Мұстафин – С.Мұқановтың немере інісі:


– Ол кісі сағат 4-те тұрады екен. Кейін, тамақтанып алып Алматыны аралайтын көрінеді. Сол қаланың сұлулығын суреттейді.

Тағы, Сәбит Мұқановтың туғанына 118 жыл толуына арналған шарада жазушының өлеңдері де оқылды. Жиынға қатысушы жастар жерлесіміздің “Көңілім”, “Бостандық” сынды жырларын оқыды. Ал, Петропавл өнер колледжінің студенді Нұрсұлтан Төлебаев кешке “Қызылжар” туындысын дайындапты.

Нұрсұлтан Төлебаев – Петропавл өнер колледжінің студенді:


– Автор өзінің туындысында Қызылжар қаласын Лондон, Каир сынды қалалармен салыстырады. Өзінің туған жеріне деген махаббатын білдіреді.

Бұдан бөлек, шара соңында С.Мұқановтың поэмасынан үзінді оқылып, әндері орындалды.

 

Байболат Култанов