ТЖ

Петропавлда өрт оқиғасы тіркелді

Түн ортасында орын алған өрт оқиғасын куәгерлер видеоға түсіріп алған. Кейін, оны әлеуметтік желіге жүктеген. Бейнеде қызыл жалын ЗИКСТО зауыты маңындағы қамыс басқан аумаққа жайылғаны көрініп тұр. Анықталғандай, тілсіз жау 4 гектар жерге зардабын тигізіпті. Мамандар отты түнгі 1-лердің шамасында ауыздықтады. Абырой болғанда, төтенше жағдай салдарынан жарақат алған тұрғындар жоқ. Өйткені, үйлер мен қоймаларға залал тимеді. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталып жатыр.


Байболат Култанов