Құқық қорғау органдары

Көкек ата-аналар іздестірілуде

Мына 52 жасар солтүстікқазақстандық 2016 жылдан бері іздеуде жүр. Жұмысы бола тұра кәмелеттік жасқа толмаған қызына алимент төлеуге асықпайды. Қазір ер азамат Бескөлде тұрады екен.

Енді ер азамат сот орындаушыларына жүгінуі керек. Көші-қон қызметінің мамандарына борышкерлерді іздестіруге ішкі істер органының қызметкерлері көмекке келген.

Айнагүл Құдабаева – СҚО ІІД көші-қон басқармасының аға инспекторы:


– Өңірімізде сәуірдің 18 мен 20-ы аралығында акция өтіп жатыр. Екі күні ішінде іздеуде жүрген 15 азамат ұсталды. Солардың 7-уі алимент төлеуден жалтарғандар.

Осыған дейін полицейлердің қарамағында 129 осындай іс болған. Солардың 24-і көкек ата-аналарды іздестіруге қатысты қозғалған.

 

Магжан Ахмадина