Құқық қорғау органдары

Жыл басынан 13500 жүргізушіге 33 500 әкімшілік хаттама толтырылды

Бұдан бөлек, бүгіндері Петропавл жолдарында «Жол приставы» жүйесі тынымсыз жұмыс істеп тұр. Осының арқасында тәртіп сақшылары қарызын өтеуге асықпаған қала тұрғындарын анықтайды. Шараның бір күнінің ішінде 5 млн теңгеге жуық сома өндіріп алынған. Жалпы, жыл басынан теріскейде 13500 жүргізушіге 33 500 әкімшілік хаттама толтырылыпты. Осылайша, темір тұлпар тізгіндегендерге 130 миллион теңгеге жуық айыппұл салыныпты. Барлығы жыл басынан солтүстікқазақстандықтардан 85 миллион теңгеден астам қарыз қайтарылып алынды.

Алексей Морев – СҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасының инспекторы:


–  Егер азаматтар қарызын өтеуден жалтарса, жеке сот орындаушы борышкердің көлігі тәркілейді. Темір тұлпар айып тұрағына қойылады. Осындай жағдайға душар болмау үшін айыппұл мен берешектерді уақытылы төлеу керек.

Тогжан Акмагамбетова