Мәдениет

Жерлестеріміз Халықаралық байқаудан жүлделі оралды

Арина Сафонова жергілікті көркемөнер лицейіндегі сурет салу үйірмесіне 8 жасынан қатысады. Бұған дейін облыстық байқауларда өз мүмкіндіктерімен танылғанымен, жеткіншек халықаралық сайысқа жұмысын бірінші рет ұсыныпты. Ресейліктер ұйымдастырған байқауда Аринаның еңбегі жоғары бағаланып, ол 5 мың қатысушының алдын ораған. Жас суретші сайыста қытай халық ертегілерінің ішінен сужүрек жолбарыс жайлысынан бір үзіндіні алып, қағаз бетіне түсірді. Бұл туынды екі сабақ ішінде дайын болыпты.

Арина Сафонова – Петропавл қалалық «ЮНЕСКО Клубы» көркемөнер лицейінің тәрбиеленушісі:

– Туындыма “Судың тамшылап аққанынан қорыққан жолбарыс” ертегісі негіз болды. Жалпы бұл шығарма қызықты екен, балалады жақсы нәрсеге үйретеді. Осындай дәрежеде өткен сайысқа қатысып, ертегідегі идеяны қазыларға жеткізе алғаныма қуаныштымын.

 


Ал, Варвара Хлюпина небәрі 6 жаста. Соған қармастан, жеткіншек еліміздің атын әлемге танытты. Бұл байқауға ол “Ханзада мен бақа” ертегісіне арнап салған туындысын ұсынды.

Варвара Хлюпина – Петропавл қалалық «ЮНЕСКО Клубы» көркемөнер лицейінің тәрбиеленушісі:

– Менің жетекшім Юрий Иванович маған ертегінің не туралы екенін айтып берді. Кейін мазмұны бойынша сурет салдым. Бұл суретті салғанда мен гуашты қолдандым. 3 жасымнан осы үйірмеге қатысамын.

Жалпы бұл сайысқа 5 пен 18 жас аралығындағы 5 мыңға жуық жас өнерпаздар қатысты.

Инна Рипачева – Петропавл қалалық «ЮНЕСКО Клубы» көркемөнер лицейінің директоры:

– Бұл байқауды Ресей елінің қылқалам шеберлері ұйымдастырды. Аталмыш сайыста біздің жеткіншектеріміз жақсы нәтиже көрсетті. Арина Сафонова мен Варвара Хлюпина 1-ші орынға қол жеткізді. Жалпы көркемөнер лицейінің оқушылары бұл байқауға 2-ші жыл қатарынан қатысып отыр. Өткен жылы олар “Сербия”, ал биыл “Қытай” ертегілері бойынша туындыларын ұсынды.

Жеткіншектерді Мәскеу қаласында белгілі қылқалам шебері Зураб Церетели марапаттап, өз батасын берген.

Дана  Ешкенова