Konstitutsia banner mobile

МТРА жаңалықтары

Сергеев қоймасындағы су ернеуден 160 сантиметрге асты

Еске салайық, гидроптағы судың деңгейі ернеуден өткен сенбіде асып, тіршілік көзі қалаға бет алған болатын. Судың бұл толқыны Петропавлға келесі аптада, нақтырақ сәуірдің 24-26 аралығында жетеді. Қазірдің өзінде Есілдегі тіршілік көзі 2 метр 69 см-ге көтеріліп үлгерген. Ал, судың Петропавлдық бөгеттегі мөлшері 19 млн кубметрден 23 млн-ға дейін жеткен. Болжам бойынша су деңгейінің жоғарылауы сәуірдің 29 мен мамырдың 2-сі аралығында шарықтау шегіне жетеді.

 

Саят Ермек