Құқық қорғау органдары

Полицейлердің халық алдындағы есептік кездесулері жалғасуда

Шара барысында №5 аумақтық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Нұрмола Бектасов атқарған істі баядады. Биыл шеткері кентте қызмет ететін құқық қорғаушылар абаттандыру ережесін сақтау бағытында бірқатар шаруаның басын қайырған. Нәтижесінде олар белгіленбеген жерге қоқыс тастаудың 72 фактісін анықтапты. Жалпы, жыл басынан Жұмысшы кентінің 400-ден астам тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар, темір жол вокзалы аумағындағы №3 учаскелік полиция пунктінің мамандары да тындырған жұмысты халыққа жеткізді. Бұл кездесуде сақшылар жерлестерімізге пәтер ұрлықтары жайында ақпарат таратып, олардан сақтану жолдарын түсіндірді. Тағы, үй жануарларын асырау ережелері де сөз болды. Айта кетейік, өңірде полицейлердің есептік кездесулері сәуір айының 27-не дейін жалғаспақ.

Нұрмола Бектасов – Петропавл қалалық ІІБ ЖПҚ учаскелік инспекторы:


–  Иттер мен мысықтарды асырау ережелерін сақтамаған тұрғындар да жауапқа тартылады. Оларға әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 408 бабы бойынша айыппұл салынады. Сонымен қатар, тұрғын жайлардағы абаттандыру ережелерін сақтамаған тұлғалардың үстінен де хаттама толтырылады. Тағы, үй-жайлардың маныңда көлік жуған адамдар жауапкершілікке тартылатын болады.

Байболат  Култанов