Білім

Қала мектептерінде оқу жетістіктерін сырттай бақылау сынағы өтуде

Бүгін Сырттай бақылауға Әл-Фараби мектеп-лицейінің 61 оқушысы да қатысуда. Әр пән бойынша тәлім алушылар 20 сұрақтан тұратын тест тапсырмаларын орындайды. Бұл сынға жалпы 2 сағат 20 минут уақыт беріледі.
Кешенді тестілеуді 9-сынып оқушылары бланкілер мен жауап парақтарының көмегімен тапсырса, 11 – сынып оқушылары компьютерлерді қолданып, білімдерін онлайн режимінде тексерді. Облыстағы 99 мектептің 17-сі сынақты осындай әдіспен тапсырмақ.

Дулат Аульбеков – СҚО Білім саласындағы бақылау департаментінің білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы, комиссия төрағасы:

–  Қазіргі сәтте Әл-Фараби мектеп лицейінде қағаз түріндегі тестілеу аяқталды. 4-ші сыныптар екі пән бойынша тест тапсырды, ол математика және әдебиеттік оқу. 9-шы сыныптар қазақ тілі және таңдаулы пән бойынша, ал 11-сынып оқушылары қазақ тілі, математика және қазақстан тарихы пәндерінен білімдерін тексереді.