Konstitutsia banner mobile

Құқық қорғау органдары

СҚО ІІД болашақ лейтенаттар тағылымдамадан өтті

Өндірістік тәжірибенің соңғы күні тәртіп сақшылары болашақ әріптестерін ведомствоның музейінде жинап, тағылымда уақытында көзге түскен студенттерді өңіріміздің бас полицейі Берік Біләловтың атынан құрмет грамоталарымен марапаттады. Сондай-ақ, жиын соңында түлектер ІІД музейінде ұсынылған экспонаттармен танысты.

Евгения Роговая – ҚР ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының студенті:

– Мен кішкентайымнан полицей болғым келетін. Осылайша, мектепті тәмамдаған соң академияға оқуға түстім. Міне, жуырда тәжірибеден өтіп, тергеуші мамандығының қыр-сырымен таныстым. Әлі де үйренетін нәрселерім көп.

Тогжан Акмагамбетова