МТРА жаңалықтары

Өңір әлеуметтік-экономикалық дамуы

Негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі – 26,5 млрд теңгені құрады. Шетелдің қалталы азаматтары көбіне ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы саларына қаржы құяды екен. Өнеркәсіп те тартымды салалар қатарына кіреді. Теріскей үшін дәстүрлі сектор – ауыл шаруашылығында жалпы өндірілген өнім көлемі биыл 22,5 млрд теңгені құраған. Төрт түлік пен құс етінің 20 мың тоннасы өндіріліпті. Тағы 61 мың тонаға жуық сиыр сүті және 156,5 млн дана жұмыртқа алынған. Ал өңірдегі өнеркәсіптік кәсіпорындар осы уақыт аралығында 64,4 млрд теңгенің тауарын шығарды.


Магжан Ахмадина