Құқық қорғау органдары

Петропавлда қалта ұрлығы азаяр емес

Көбіне баукеспелерді қымбат гаджеті мен қомақты ақшасы бар тұрғындар қызықтырады. Осындай адамдар көзге түсе салысымен, ұрылар қарбаласты пайдаланып, білдіртпей қалтаға қол сұғады. Егер бағалы заттар шалбардың артқы қалтасында, не арқада асылған сөмкенің ішінде болса, ұрылар арам ойларын оп-оңай іске асырады. Біраз жағдайда сұғанақ қол жандар қоғамдық көлікке кірген, шыққан жандарға өздерінің көмегін ұсынады. Ал, егер олар топтасып жұмыс істесе, түрлі жанжалдар ұйымдастырып, соны пайдаланып ұрлық жасайды. Осы орайда, полиция қызметкерлері теріскейліктерді барынша сақ болуға шақырады.

Алмаз Жәкенов, Петропавл қалалық ІІБ криминалдық полиция бөлімі бастығының орынбасары:

– Көп жағдайда қалта ұрлығы автобус ішінде таңғы сағат 8 бен 10 немесе кешкі 17-00-ден – 21-00-ге дейінгі уақытта орын алады. Өйткені, бұл кезде мұнда халық көп шоғырланады. Қалта ұрыларының құрбаны болмау үшін бағалы заттарды киімнің ішкі қалталарына салып жүрген абзал.

 

Тогжан Акмагамбетова