Қоғам

“Рухани жаңғыру” бағдарламалық мақаласының жарияланғанына 1 жыл толды

 

Алмас Бейсенов – “Қазақстандағы 100 жаңа есім” жобасына енген 8 жерлесімізідң бірі. Ол 10 жыл көлемінде жеңіл атлетикамен айналысады екен. Осы аралықта 18 мәрте Қазақстан және Орта Азия Чемпионы атанып үлгерген. Қазіргі таңда Алмас Айыртау ауданындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде бапкер-оқытушы болып еңбек етеді.

Алмас Бейсенов – Айыртау аудандық БЖСМ бапкер-оқытушысы:

– Бапкер ретіндегі міндетім – балалардың мақсатына жетуіне көмектесіп, бағыт-бағдар беру. Ең бастысы, жеткіншектер өз-өзіне деген сенімдерін жоғалтпауы керек. Сонда ғана олар жарыстарда жетістікке жетіп, еліміздің туын асқақтатады.

“100 жаңа есім” жобасына қатысқан жерлестеріміз жиналғандарға өз өмірлерінен сыр шертіп, жетістіктерімен бөлісті.
Сондай-ақ, Астана қаласынан арнайы келген мемлекеттік тілді дамыту қорының өкілдері жиналғандарға өздерінің жаңа мобильдік жобаларын таныстырды. Soyle.kz интернет-порталы қазақ тілін жетік меңгеруге зор мүмкіндік береді. Мәселен, “Quzhat.kz” сайтының ресми іс-қағаздарды қазақша рәсімдеуде көмегі зор. Ал, “Жеті қазына” порталынан қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы мол ақпарат алуға болады. Сонымен қатар, Мемлекеттік тілді дамыту қорының өкілдері 1 жарым ай бұрын қазақша пернетақта мобильдік қосымшасын ойлап тапқан. Тиімділігі, онда латын қарпі де қосылған.

Асет Оспанов – Мемлекеттік тілді дамыту қорының үйлестірушісі, Астана қаласы:

– Біздің бағдарламамыз латын әліпбиіне көшуге көмектеседі. Мәселен, кез келген сөздерді кириллица арқылы терсеңіздер, қосымша латын графикасында жазылған сөздерді ұсынады. Бұл өте ыңғайлы. Қазіргі таңда әлеуметтік желілерді қолданушылардың арасында аталмыш қосымшаға деген сұраныс артып отыр.

Жиын соңында қатысушылар өз ойларымен бөлісті.

Молдир Макишева