Қоғам

«Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ләззат Рамазанова теріскейлік нәзікжандылармен кездесті

Айта кетсек, жыл басынан қыз-келіншектер арасында 6 жерлесіміз өз ісін бастаған. Жалпы алатын болсақ, облыс аумағында 16 мың шағын және орта бизнес субъектісін нәзікжандылар басқарады екен. Жалпы ішкі өнімді қалыптастырудағы олардың үлесі 50%-ға жуық деп бағаланып отыр. Сондай-ақ, бүгінгі кездесу барысында Елбасының 5 әлеуметтік бастамасын орындаудағы кәсіпкер әйелдердің рөлі туралы да әңгіме өрбіді.

Ләззат Рамазанова – «Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы:


– Бүгінгі таңда іскер әйелдер өз ісін, жұмысын бастаймын десе, өз бизнесін өрге көтеремін десе біреше мүмкіндіктер бар. Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы дейміз ғой. Мұның бәрін де іске асыратын жалғыз ғана кәсіпкерлердің мойнында емес, ер азаматтармен қатар қыз-келіншектеріміз де бизнеске белсене кірісіп, атсалысатынына сенімдімін.

Тогжан Акмагамбетова