Білім

Білім саласы қызметкерлерінің алқа отырысы өтті

Кеңейтілген отырыста ең алдымен 2017-2018-ші оқу жылындағы ахуал талқыланды. 9-шы және 11-ші сынып мектеп оқушылары тапсыратын мемлекеттік емтихан пәндері бекітілген. Теріскейдегі барлық білім беру ошақтарының Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге дайындық барысы – облыстық білім басқармасының жіті назарында. Биыл өңір мектептерінің 137 түлегі – “Алтын белгі”-ден үмітті. Ал, маңызды сынақты тапсыруға Петропавл, Мамлют және Уәлиханов аудандарының 11-сынып оқушылары көп өтініш берген. Десе де, теріскей аумағындағы 18 білім беру мекемесінде тәліп алып жатқан жеткіншектер Ұлттық Бірыңғай Тестілеу тапсыруға құлық танытпай отыр.

Валентина Черных – СҚО білім басқармасының бөлім басшысы:

 


– Былтырғы жылғы көрсеткішке сүйенсек, облыс оқушыларының Ұлттық Бірыңғай Тестілеуде алған орташа ұпайлары 58,2-ден 71,6 пайызға көтеріліп отыр. Бірақ, бұл өте төмен болып саналады. Осы жылы Аққайың, Ақжар аудандарының мектеп бітіруші түлектері сынақ тестілеуде жақсы нәтиже көрсетуде.

 

Дана Ешкенова