Спорт

Теріскейлік велошабандоздар жаңа маусымды бастады


Олардың 3-уі – алтын, ал біреуі – қола. Велоспорттан ҚР чемпионы атағын жекелей сында Степан Астафьев, 120 шақырымға созылған топтық сында Алексей Волошин жеңіп алса, критериум жарысында Арман Қамышев қола медаль тағынды. Командалық сында да теріскейлік төрттік топ жарып, чемпион атанды.
Жаңа маусымды велоспорттан мамандандырылған олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері де сәтті бастады. 15-16 жасар жеткіншектеріміз Шымкент қаласында Ломакин жүлдесі үшін өткен республикалық сында қанжығаларын 4 медальмен майлап қайтты.

Сергей Данникер – “Vino Astana Motors” велокомандасының аға бапкері:

– Келесі жарыс мамырдың 2-сі басталады. Шри-Ланка турына жол тартпақпыз. Кейін Кореядағы додаларға да қатысамыз. Ал, маусым айының аяғында ел чемпионатында бағымызды сынайтын боламыз. Осы орайда команда мүшелері сәуір айының орта тұсында Алматы қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізеді. Бүгінде “Vino Astana Motors”-тың құрамында 9 шабандоз бар, бәрі СҚО атынан өнер көрсетеді.

 

 

Саят Ермек