МТРА жаңалықтары

“Рухани жаңғыру” бағдарламалық мақаласында көрсетілген бағыттарды теріскейліктер жүзеге асыруда

Галстуксіз режимде өткен отырысқа жергілікті билік өкілдері мен қоғам қайраткерлері қатысты. Шара барысында агенттік мамандары алға қойған жоспарларымен бөлісті. Мемлекеттік қызметшілер алдағы уақытта “20 қайырымды іс” акциясын жарияламақ ниетте. Агенттік өкілдері өздерінің әріптестеріне осы сынды жұмыстарды бастауды ұсынуда. Мәселен, жолды тек белгіленген жерден кесіп өтіп, шаруаны тамыр-таныс арқылы тындырудан бас тарту сияқты күнделікті қарекеттің өзі үлкен жетістікке қол жеткізу жолындағы кіші қадамдар бола алады дейді департамент басшысы.

Ғалым Тұрсынбаев – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс -қимыл жөніндегі агенттігі СҚО бойынша департаментінің басшысы:


– Мәселен, көптеген мемлекеттік қызметшілерде электрондық қолтаңба бар. Алайда, оны қолданатындар аз. Сондықтан, әр адам өзінен бастап, басқаларға үлгі болу қажет. Бұндай кішігірім қадамдар арқылы парақорлық сияқты үлкен проблеманы жоюға болады.

 

 

Эльмира Садвокасова