Қоғам

Гүлдер қашан қала көшелерінде отырғызылады

 

Жаз мезгілінде көше бойлары мен саябақтарда жайқалып өсіп тұратын гүлдер қазір мына жылыжайларда. Петуния, тагетес, шафран, цинерария және сальвия. Осындай бес түрлі гүл мұнда ақпанның ортасынан егіле бастапты. Міне, бір айға жуық уақытта өсімдіктер біраз көтеріліп қалған.

Мағжан Ахмадина – тілші:


– Мұндағы әрбір гүл ерекше күтімді қажет етеді. Сондықтан күнара жылыжай қызметкерлері кешке таман оларды суарып, арам шөптерін жұлады.

Жылыжайдағы температура 15 градус жылылықты көрсетіп тұр. Ол мұндағы гүлдерге жеткілікті. Өйткені, өсімдіктердің кейбірі, атап айтсақ, петуния мен тагетес 5 градус суыққа да шыдас береді.

Елена Тулинова – «Коммунхоз Петропавл» ЖШС бригадирі:

 


– Гүл өскіндерінің 200 мыңын өсірдік. Соның көбі, яғни 100 мыңы петуния. Оларды 20 қызметкер екі жылыжайда күтіп баптап, тыңайтқыштармен қоректендіреді. Ал қала көшелеріне гүлдерді егуді біздер 9 мамыр қарсаңында бастаймыз. Ең алдымен жеңіс саябағын гүлдермен көмкермекпіз. Өйткені, мерекеде өсімдіктер сол жердің сәнін келтіріп тұруы тиіс. Жеңіс саябағы – ең маңызды, әрі ең үлкен нысан. Аумағы 1000 шаршы метр болатын жерге толықтай гүл егеміз.

Ақ, қызыл, сары гүлдер кейін орталық көше мен өзге де саябақтарға отырғызылады. Сөйтіп, олар шаһарымызға ерекше сән бермек.

Магжан Ахмадина