Құқық қорғау органдары

Биыл Петропавлдағы көңіл көтеру орындарында 37 құқық бұзушылық тіркелген

Мұндай құқық бұзушылықтардың санын азайту мақсатында тәртіп сақшылары шаһардағы дәмхана, клуб және күзет ұйымдарының басшыларымен кездесті. Жиында нысандардағы күзет қызметінің жұмысы сөз болды. Полицейлер қоғамдық мекемелерге арнайы дайындалған мамандарды еңбекке алу қажеттігін айтты. Бұл заң бұзушылықтарды қысқартуға және қылмыскерлерді дер кезінде құрықтауға септігін тигізбек.

Асан Смагулов – Петропавл қалалық ІІБ ЖПҚ бастығы:


– Үстіміздегі жылы жасалған заң бұзушылықтардың ішінде 37-сі қоғамдық орындарда, ойын-сауық мекемелерінде тіркелді. Өткен жылы мұндай орталықтарда 115 қылмыс орын алған еді. Шамамен әр тоқсанда 28 құқық бұзушылықтан болып тұрды.

Байболат Култанов