Қоғам

Қызылжар ауданы аумағында шашылып жатқан люминесцентті шамдар табылды

Қауіпті қалдықтар жергілікті “Промотход” кәсіпорнына жіберіліп, жойылатын болды. Қазіргі таңда зиянды шамдарды табиғат аясына төккен жандар іздестіріліп жатыр.

 

–  Нақтырақ айтсақ, люминесцентті шамдар біз тұрған Қызылжар ауданына қарасты Прибрежное селолық округы аумағынан табылды. Бәз біреулер зиянды заттарды Есіл өзенінің жағасына төккен. Біз шамдар тасталған жерге көлігімізбен өте алмадық. Өйткені, бұл жақтың жолдары нашар.

Осы маңда бірнеше демалыс орындары жұмыс істейді. Олардың қатарында “Достық” сынды балалар лагері де бар. Алайда, зиянды заттарды төккен жандар мұны қаперге ілмеген сыңайлы. Еске сала кетейік, құрамында сынабы бар жарық шамдары адам ағзасы мен қоршаған ортаға айтарлықтай қауіп келтіреді.

Азамат Бектасов – СҚО бойынша экология департаменті басшысының орынбасары:


– Сынап адам ағзасына тисе теріге зиян келтереді. Ол жер қойнауы арқылы суға түсуі мүмкін. Кейін, ауаға таралып, теріге зардабын тигізеді.

Жалпы, Есіл өзені жағасынан люминесцентті шамдардың 600-ден астам данасы табылған. Олар “Промотход” ЖШС жіберіліпті. Алдағы уақытта зиянды заттар жойылатын болады. Қазір табиғат аясында жарық көздерін шашқан жандар іздестірілуде. Ал, СҚО бойынша экология департаменті болса қоршаған ортаға келтірілген шығын көлемін есеп жатыр.

Култанов Байболат