Спорт

Теріскейлік каратешілер Халықаралық турнирден жүлделі оралды

Тимофей Волков – каратеден ҚР чемпионы:

– Мен бұл турнирге көп дайындалдым. Сондықтан болар жеңіске жету мен үшін қиын болған жоқ. Сайысқа мықтап дайындаған бапкерімнің еңбегі де зор.

Ал, Қуаныш Салтаев болса, каратэнің дәл осы бағыты бойынша қанжығасына күміс жүлдені байлаған. Ақтық сында алматылық спортшыға есе жіберіп алғанын айтады. Бірақ, сайыстың екінші күнінде жеткіншек катадан 1-ші орынға ие болды. Әлемдік деңгейде өнер көрсетіп, жеңіске жету – 12 жасар Қуаныш үшін үлкен жетістік.

Қуаныш Салтаев – каратеден Халықаралық турнирдің чемпионы:

– Мен 7 жасымнан каратэмен айналысамын. Түрлі турнирлерге қатысып, жүлделі орындарға ие болдым. Енді алдағы жылы Еуропа чемпионатына дайындаламын.

Алматы қаласында өткен Халықаралық Чемпионатқа Өзбекстан, Қырғызстан, Азербайжан, Ресей және Қазақстаннан барлығы 300-ге жуық спортшы жиылған.

Евгений Максимов – “Мейбукан Годзю-рю карате-до” СҚОФ директоры:

– Халықаралық турнирге Петропавл қаласынан 3 каратэші қатысты. Сайыс кумите және ката бағытында өтті. Біздің спортшылар жоғары деңгейде өнер көрсете алды. Олар 2 алтын, 1 күміс және 1 қола жүлдеге ие болды.

Аталмыш турнир аяқталғаннан соң, халықаралық Мейбукан Годзю-рю Карате-до қауымдастығының құрметті президенті, аты аңызына айналған Мейтацу Яги балаларға арнап шеберлік сағатын өткізген.

 

Дана Ешкенова