Мәдениет

Петропавлда “Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті” атты койылым сахналанды

Соны № 8 жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие орта мектеп-кешенінің ұл-қыздары қойылым арқылы көрсетіп жатыр. Спектаклде парақордың рөлін – Санжар Ербұлан ойнауда. 6-сынып оқушысы қиын жағдайға тап болған адамдарға мәселені ауыз бастырық арқылу оп-оңай шешуге кеңес береді. Емтихан тапсыруға қорыққан студент бұған келісіп, шалыс қадам жасады.

Қойылым барысында тағы біреуі жүргізуші куәлігін алуға, екіншісі пәтер кезегіне тұру үшін пара берді. Олардың бәрінің ойлары жүзеге аспай, құрықталды. Тек, қызын балабақшаға орналастырғысы келген әке ғана заңның ала жібін аттамады. Жанұясын ойлаған отағасы жемқорлықтың түбі түрмеге апаратындығын ұғынып, құқық бұзбады. Өнерлі ұл-қыздардың спектакльге тыңғылықты дайындалғаны байқалды.

Сандуғаш Жоламанова – № 8 жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие орта мектеп-кешені театрының қоюшы-режиссері:

– Спекталді 6-7 сынып оқушылары ойнауды. Актерлердің саны – 14. Осы қойылым арқылы жас ұрпаққа парақорлықтың зиянын түсіндіргіміз келеді.

Жалпы, қазіргі таңда өңірімізде мектеп оқушыларына сыбайлас жемқорлықтың зияны кеңінен түсіндірілуде. Әр білім ошағында індеттің қауіпі жайлы айтылады.

Ғалым Тұрсынбаев – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облыстық департаментінің басшысы:

–  Өскелең ұрпаққа жемқорлықтың зиянын түсіндірудеміз. Мұндай шаралар балабақшалар мен мектерде жүргізілуде. Балаларға адалдық, шыншылдық үйретіліп жатыр.

Оқушылардың спектаклі жиналған қауымға ұнады. Жерлестеріміз қоғам дертінің ашық көрсетілгендігін айтуда.

– Спектакль жақсы өтті. Балалардың өнер ұнады.

– Қойылым көңілімнен шықты. Қоғамдағы өзекті мәселелер көтерілді.

 

Байболат  Култанов