Қоғам

Облыстық сот пен кәсіподақтардың аумақтық қауымдастығы меморандумға отырды

Екі жақты мәміле аясында болашақта еңбеккер мен жұмыс берушінің арасында туындайтын даулы істерді сотқа жеткізбей-ақ, қос тараптың келісімі негізінде шешу мүмкіндігі туады. Сондықтан, өңірлік сот қызметкерлері бұл үрдісте татуластырушы, үшінші тарап ретінде қатыспақ. Осылайша дауласушы тараптардың әлеуметтік-экономикалық, іскерлік және еңбек қатынастарын сақтап, өңірде медиация саласын дамыту көзделген. Бұл мақсатта аумақтық кәсіподақтар қауымдастығында арнайы татуласу орталығы ашылады.

Ерік Нұрақаев – “СҚО Кәсіподақ орталығы” аумақтық кәсіподақтар қауымдастығының төрағасы:


– Мұның бәрі Елбасының “Рухани Жаңғыру” және “Қазақстан-2050” бағдарламаларымен байланысты. Бүгінгі меморандум дауларды сот тәртібінен тыс шешу, қоғамдағы келіспеушіліктерді азайтуға негізделген.


 

Саят Ермек