Аптадағы маңызды жаңалықтар

Сәуір айында өңірдің заңды тұлғалары үшін жылу құны 2,8 пайызға қымбаттайды

Ақпан айында “СевКазЭнерго” АҚ табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментіне жаңа тарифтер сметасын ұсынған екен. Бүгінде жылу таратушы компанияның өтініші қанағаттандырылып, бекітілді.

Елена Ганзёра – СҚО бойынша табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің бағаларды реттеу бөлімінің басшысы:


– Жаңа тариф бойынша заңды тұлғалар үшін жылу құны 2,8 пайызға қымбаттады. Бұл өзгерістің жеке тұлғаларға, яғни қарапайым тұрғындарға еш қатысы жоқ. Халық бұрынғы тарифпен төлем жасайтын болады.

Заңды тұлғалар үшін тариф бірдей болып бекітілгенімен, есеп айырысқанда оларда жылу есептегіш аспаптардың бар-жоқтығы ескеріледі. Яғни, аталмыш құрылғыны орнатқандар сараланған тариф бойынша жылудың әр гига каллориясы үшін азырақ төлейді.

Елена Ганзёра – СҚО бойынша табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті бағаларды реттеу бөлімінің басшысы:


– Жылу есептегіш аспаптары барлар қосымша құн салығын есептемегенде 1 гига каллория үшін 5 748 теңге төлейді. Ал жылу есептегіш құрылғысы жоқтар қосымша құн салығын есептемегенде 1 гига каллорияға 8 803 теңге береді.

Жаңа тариф сәуірдің 1-інен күшіне еніп, жыл соңына дейін сақталады.

Берік Қасен