Қоғам

Қалалық ардагерлер кеңесінің пленумы өтті

Осы ретте айта кетейік, қазіргі таңда шаһарымыздағы бастауыш ардагерлер ұйымдарының саны 200-ге жеткен.

Сара Тасеменова – Петропавл қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы:


– Бүгінде мемлекеттік органдарда, бизнес нысандарында, қала кәсіпорындарында бастауыш ардагерлер ұйымдары көптеп құрылуда. Алайда, бұл аздық етеді. Шаһарымызда жүріп-тұруы қиындаған, үйлерінен алыс ұзай алмайтын қариялар көп. Сондықтан, олар үшін тұрғылықты мекен жайы бойынша бос уақытын өткізу орындары құрылады. Онда демалыс күндері зейнеткерлер жиналып, үстел ойындарын ойнайды, әңгіме-дүкен құрады. Мұндай бос уақыт өткізу орындары қала бойынша әзірге бесеу.

Биыл құрметті еңбек демалысындағыларды бұқаралық шараларға көптеп тарту шаралары жалғасын табады. Ол үшін бірнеше акция өткізу жоспарда бар.

Сара Тасеменова – Петропавл қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы:


– Алдағы уақытта шаһарымызда “Ақ бата” конкурсын өткіземіз. Ақсақалдар жастарға батасын береді. Екінші байқау – “Халықтар денсаулығы”. Аталмыш шараның аясында зейнеткерлердің арасында спартакиада ұйымдастырылады. Үшінші акциямызды “Мерейлі отбасы” деп атадық. Салт-дәстүрін сақтаған отбасыларды көпке үлгі етіп, еңбек әулеттеріне ерекше құрмет көрсетіледі.

Жиын барысында бастауыш ардагерлер ұйымдарының төрағаларына Наурыз мерекесін атап өтуге белсенді ат салысқаны үшін алғыс хаттар табыс етілді.

Алдымызда Ұлы Жеңіс мерекесі де жақындап келеді. Мамырдың 9 жеңісті жақындатуға үлес қосқан тұлғалар ерекше құрметке ие болады. Жыл өткен сайын майдангерлердің қатары сиреп барады. Бүгінде 78-нің көзі тірі.

Берік Қасен