Спорт

Петропавлда балалар мен жасөспірімдер арасында ел біріншілігі бастау алды

Бұл тартыста маңғыстаулық өрен 2-ші раундтың соңында қарсыласынан басым түсіп, жеңіске жетті.

Осылайша, біреулеріне жеңіс қиынға түссе, енді біреулері қарсыластарын оп-оңай тізе бүктірді. Мәселен, қызылордалық Нұрасыл Баянбаев бір минуттың ішінде теріскейлік Вагиф Хайдаровтан мықты екенін көрсете білді. Ал, тағы бір жерлесіміз Нұрболат Данияровтың бұл жолғы қарсыласы – жекпе-жек сайыстарының 2 дүркін жеңімпазы маңғыстаулық Әлішер Маденов. Солтүстікқазақстандық бұл сында жеңіліп қалса да еңсесін түсірген жоқ.

Нұрболат Данияров – жарысқа қатысушы,СҚО:

– Жекпе-жек қиындау болды. Менің салмағым – 32, ал қарсыласымның салмағы – 34 келі. Келесі жолы жеңіске жетемін деп ойлаймын. Бұл спорт түрімен 1 жылдай айналысамын.

Жалпы дүбірлі додаға еліміздің 13 облысынан 200-ге жуық спортшы жиналған. 7 мен 14 жас аралығындағы жеткіншектер 32 салмақ дәрежесі бойынша күштерін сынады.

Дамир Манарұлы – жекпе-жектен мемлекеттік жаттықтырушы:

– Жекпе-жек ұлттық спорт түрінен балалар мен жасөспірімдер арасында ҚР чемпионаты өтуде. Балалар арасындағы жекпе-жек сайысы Петропавлда 1-ші рет ұйымдастырылып отыр.

Жалпы аталмыш дода үш күнге жалғаспақ.

Молдир Макишева