Денсаулық сақтау

Челябідегі медициналық орталық мамандары жергілікті тіл мүкістігін емдеу мекемесімен әріптестік орнатпақ

Өзекті мәселені талқылауға өңірімізге Ресейдің Челябі қаласынан “Дети Индиго” Педиатрия және Неврология ғылыми зерттеу институтының мамандары келіп, соңғы жетістіктерімен бөлісуде.

Елена Килина – “Дети Индиго” Педиатрия және Неврология ҒЗИ неврологі, Челябі қаласы, РФ:

– Біздің орталық туа біткен аутизм мен церебралды сал ауруына тап болған барлық жастағы жандарға көмек көрсетеді. Мекемеміз осы санаттағы науқастарды зерттеуден өткізуге қауқарлы озық қондырғылармен жарақталған. Мамандар пациенттердің жағдайына қарай, қысқа толқынды аппарат арқылы ем-дом шараларын жүргізеді. Институтта сауықтырудың патенттелген 10 әдісі қолданылады.

Челябідегі сауықтыру институты өз жұмысын 2013-ші жылы бастаған. 5 жылдың ішінде орталықта 3-мыңнан астам балғын емдеуден өткен. Ресейдегі жетекші орталық мамандары тілінде мүкістігі бар, даун, аутизм дертіне шалдыққан балғындарды 2 жастан бастап қабылдайды.

Наталья Караваева – “Дети Индиго” Педиатрия и Неврология ҒЗИ педиатрия және невралогия бөлімшесінің басқарушысы, Челябі қаласы, РФ:


– Бізге келушілердің 90 пайызының тілінде мүкістігі бар. Соңғы уақытта алыс және жақын шет мемлекеттерден келетін ем қабылдаушылардың саны артуда. Олардың арасында қазақстандық пациенттердің үлес салмағы басым. сондықтан, бүгіндері Қостанай, Қарағанды және Шымкент қалалармымен байланыс орнатып жатырмыз.

Осы іспеттес орталық Петропавлда да 5 жыл бұрын жұмысын бастады. Елена Петрованың “тілді дамыту орталығы” сөйлемейтін балалармен жұмыс жүргізу және олардың тіліндегі кемістікті түзету жолдарын ұсынады. Мекеменің 9 білікті маманы тілі шықпаған 1000 шақты балғынға көмек берген. Жуық арада Челябілік емдеу орны Елена Петрованың тілді дамыту орталығымен әріптестік байланыс орнатпақ ниетте.

Елена Петрова – “Тілді дамыту орталығы” директоры:


– Қазақстандық тілді дамыту орталықтарының Ресей дәрігерлерінен үйренері көп. Көп жағдайда баланың әке-шешесі проблемаға мән бермей, ауруды созып алады. Нәтижесінде емделуге кеш келіп, қиналып жатады. Семинардың көздегені – орталық ұсынып отырған кешенді шаралардың түрлерін ата-аналарға құлағдар ету. Әріптестігіміз жарасса, түрлі дертке шалдыққан балғындар алысқа ұзамай, осында емделе алады.

Басқосуда ата-аналар ресейлік институт мамандарына көкейлерінде жүрген сауалдарын жолдап, толғандыған сұрақтарына жауап алды.

 

Бахыт Садвокасов