Құқық қорғау органдары

“Жанұядағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ” акциясы мәресіне жетті

Үш күндік шара аясында тәртіп сақшылары жоспардан тыс рейд өткізіп, үйінде даңғаза шығаруға бейім тұлғалардың мекен жайлары мен әлеуметтік жағдайы нашар отбасыларды тексеріпті. Нәтижесінде учаскелік полиция инспекторлары 24 ұйғарым шығарып, 15 тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Жұлдыз Бағыт – Петропавл қалалық ІІБ ЖПҚ аға инспекторы:


– Акцияның басты мақсаты үйінде ылаң салатын тұлғаларды анықтап, түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Әйелдерді, балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау.

 

 

Берик Касен