Білім

Өңіріміздегі 500-ге жуық мектепте “Адал ұрпақ” ерікті клубы жұмыс істейді

Аталмыш ұйым өскелең ұрпақ арасында парақорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға септеседі. Бүгінде облысымыздағы 500-ге жуық білім ошағында “Адал ұрпақ” клубтары құрылып, жұмыс істеп келеді. Оған 70 мыңға тарта солтүстікқазақстандық оқушы мүшелікке өткен.

Айгүл Нұртаева – Қазақ мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:


– Қазақ мектеп гимназиясында тәрбие жұмысын жәрдемдесетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы топ “Адал ұрпақ” мектеп клубы жұмыс жасайды. Топтың жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша модельдік тәрбие жұмысын құрып, бекіткен болатын.

Парақорлықпен күресте ересектер арасында қолданылатын әдістер балалардың арасында жүрмейді. Сондықтан, білім ошақтарының қоғамдық індеттің алдын-алу бағытындағы өзіндік құралдары бар.

Ботагөз Тағұдретова – СҚО білім басқармасының бас маманы:


– Ай сайын мектептерде жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында түрлі шаралар өткізіледі. Негізінен суреттер, эсселер байқауы мен тәрбие сағаттары ұйымдастырылады. Сондай-ақ, парақорлықпен бірге күресейік деген тақырыпты қамтитын акциялар жүргізіледі. Халық көп жиналатын орындарда жадынама парақшалары таратылады.

Қыркүйек айында “Адал ұрпақ” клубтарының 2-ші слеті өтпек. Жиын барысында өткен кезеңде атқарылған жұмыстар сараланбақшы.

Тогжан Акмагамбетова