МТРА жаңалықтары

Одақтас елдермен сауда-саттық

Мысалы, қаңтар айында одақтас мемлекеттермен сыртқы тауар айналымы 39 млн АҚШ долларын құрады. Алайда, өткен жылдың алғашқы айымен салыстырғанда импорт пен экспортың үлес салмағы 1,1 пайызға кеміген. Облысымыздың негізгі экономикалық серіктесі әдеттегідей Ресей. Осы жылдың басында көршілерімізге 3,6 млн АҚШ долларының өнімін өткізіп, олардан 5 есе көп сомаға тауар сатып алдық. Сауда-саттықта Қырғызстан елі де белсенді. Айыр қалпақты ағайынмен арадағы алыс-беріс 1 млн. 700 мың АҚШ долларынан асады. Ал 2017 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда Белоруссиядан 2 есе көп өнім импортталған. Оның сомасы 630 мың АҚШ долларын құрайды. Бүгінде Армения елімен де сауда-саттығымыз мәз емес. Аталған мемлекетке набары 4 мың доллардның тауары экспортталған.

Берик Касен